$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.12.2023, 14:38
Оқиғалар

Жамбыл облысында қар құрсауында қалған адамдардың арасында қайтыс болғандар жоқ

Облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Жамбыл облысында қар құрсауында қалған адамдардың арасында қайтыс болғандар жоқ

Төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысының автожолдарында қар құрсауында қалған 5000-ға жуық адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқару шараларына жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция департаментінің күштері, Қорғаныс министрлігінің әскерилері мен жол қызметкерлері қатысты.

Адам шығынына қатысты ақпарат тіркелген жоқ.

«Әлеуеметтік желілерде (белгілі парақшаларда) таралып жатқан Жамбыл облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың тізімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ал өлген адамдардың денелері бар табыттардың фотосуреттеріне келетін болсақ, оларды жерлеу үшін біздің аймақ арқылы транзитпен тасымалдағанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Жамбыл облысының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін, оның ішінде әлеуметтік желілерде қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуді ұсынады.

Серіктес жаңалықтары