$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жүргізуші алып кеткен»: Алматыда 4 ер адам 18 жастағы қызды зорлаған

Бір күдіктінің жеке басы анықталды

«Жүргізуші алып кеткен»: Алматыда 4 ер адам 18 жастағы қызды зорлаған
Фото: Depositphotos

Алматыда 4 ер адамның 18 жастағы қызды зорлаған. Бұл туралы «НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі қордың әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Аталған дерек бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бір күдіктінің жеке басы анықталды. Одан бөлек, тергеу шаралары қабылданып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек.  

Дина Таңсәрінің жазуынша, қыз 17 қарашаға қараған түні әпкесімен және оның досымен дүкенге кеткен. Кері қайтар жолда әпкесінің досының жағдайы нашарлап, жолай көлік тоқтап, оларды жеткізіп тастауды ұсынған. Әпкесі мен досы көліктен шығып кеткен кезде жүргізуші оларға бірнәрсе тастап кеткенін айтқандықтан, қыз бала қайтадан келген. Сол сәтті пайдаланып, жүргізуші қызды итеріп, көлікке салып, алып кеткен.

«Қазір қызға психологиялық көмек көрсетіліп, адвокат жұмыс істеп жатыр. Бірақ неліктен зорлаушыларды таба алмағаны белгісіз. Камералар көліктерді түсіріп алғандықтан, суретті үлкейтіп, жүргізушіні нөмір арқылы анықтауға болады», - дейді ол жазбасында.

Серіктес жаңалықтары