$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.12.2023, 21:39
Оқиғалар

«Жағдайы өте ауыр»: Оралда 11 жасар бала 9-қабаттан секіріп кеткен

Жасөспірім жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

«Жағдайы өте ауыр»: Оралда 11 жасар бала 9-қабаттан секіріп кеткен
Фото ашық дереккөзден

Оралда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 11 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 10 желтоқсан күні Д.Қонаев шағынауданы 52/2-үйде болған.

«Жедел жәрдем сағат 23.38-де шақырылды. Қалалық көпбейінді ауруханада жатқан баланың жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде есін жимаған жасөспірім жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, 2012 жылғы бала 9-қабаттың балконынан секіріп кетіп, аулада тұрған автокөліктің үстіне түскен.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары