$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2023, 14:53
Оқиғалар

Қостанайдағы жарылыс: оқиға орнынан бір адамның денесі табылды

Сондай-ақ үйінді астынан екі адам құтқарылды

 

Қостанайдағы жарылыс: оқиға орнынан бір адамның денесі табылды
Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Қостанайда жарылыс болған ғимараттан бір адамның денесі табылды. Сондай-ақ екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қазіргі сәтте іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі адам шығарылды. Сондай-ақ ер адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда. Іздеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Бұған дейін қала іргесіндегі ғимараттардың бірінде жарылыс болып, 7 адам үйінді астында қалғанын жазған болатынбыз. Қайғылы оқиға  11 желтоқсанда сағат 12:39-да Қостанайдың Амангелді ауылында болған. Жүк көліктерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.

12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінген.

Серіктес жаңалықтары