Елордалық полицейлер шетелдіктің жоғалған сөмкесін тауып берді

Azattyq Rýhy

Камерадағы бейнежазба арқылы күдікті анықталды

Елордалық полицейлер шетелдіктің жоғалған сөмкесін тауып берді
фото: ашық дереккөзден

Елордалық полиция қызметінен 29 жастағы шетелдік азамат көмек сұрады. Ол автовокзалда ішінде 100 еуро мен телефоны бар сөмкесін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері арызданушымен сөйлескеннен соң, сөмкені автовокзалға келушілердің бірі ұрлап кеткен деп болжаған.

«Камералардан бейнежазбаны көргенде жедел уәкілдер бұрын сотты болған елорда тұрғынын таныған. Күдіктінің жеке тұлғасы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Бейнежазбада ер адамның шетелдіктің сөмкесін қараусыз қалдырып кеткенін байқап, жағдайды пайдаланғаны анық көрінеді. Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.