Ақтөбе облысында полицейлер жоғалған шопанды және 150 бас қойды тапты

Azattyq Rýhy

Шопанның айтуынша, оны әр түрлі ауа райында далада жиі болатыны және суыққа бейімделгені құтқарған

Ақтөбе облысында полицейлер жоғалған шопанды және 150 бас қойды тапты

Рейдтік жұмыстар жүргізу барысында 6 желтоқсанда Қобда ауданындағы шаруа қожалықтарының біріне барған полицейлерге қожалық басшысы малшысының және 150 бас қойының  жоғалғаны туралы арызданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, далада қой бағып кеткен шопанды қойларымен таба алмағанына екінші күн болған. Бірінші күні фермер іздеу жұмыстарын өз күшімен жүргізген, алайда оң нәтиже бермеген соң, полицияға хабарламақ болған.

Полиция қызметкерлері дереу жоғалған шопанды іздеуге кірісті. Іздеуге 20 адам мен бірнеше техника жұмылдырылды, бұл -  полиция, төтенше жағдайлар және аудан әкімдігінің қызметкерлері, 5 бірлік автокөлік пен дрон.

«Іздеу іс-шаралары барысында далалықтар, жыралар мен орман белдеулері тексерілді. 7 желтоқсан күні кешке полиция қызметкерлері шаруа қожалығынан 25 км қашықтықта қойларды шаруашылыққа қарай айдап бара жатқан шопанды тапты. Полицейлер оны жылытып, қожалыққа аман-есен жеткізді. Шопанның айтуынша, оны әр түрлі ауа райында далада жиі болатыны және суыққа бейімделгені құтқарған», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.