Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Мекемеден 143 780 теңге тоналған

Фото кадрдан

3 желтоқсан таңғы букмекерлік мекеменің қызметкері қарақшылық жасалды деп хабарлама берген. Полицейлер күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру кезінде 08:55 шамасында бетперде киген 20-25 шамасындағы ер адам мекеме қызметкерін ас үй пышағымен қорқытып, букмекерлік мекемеден 143 780 теңге тонап, оқиға орнынай бой тасалағаны анықталды.

«Полиция қызметкерлері 25 жасар қала тұрғынын ұстады. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.