06.12.2023, 19:00
Оқиғалар
Шымкент тұрғыны ұлын әуежайға жұмысқа орналастыру үшін алаяққа 2,5 млн теңге берген
Полиция 41 жастағы күдіктіні анықтады
Фото: ашық дереккөзден
Полицияға жүгінген жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс ер адам өзінің байланыстары арқылы оның ұлын қалалық әуежайдың қауіпсіздік бөліміне жұмысқа орналастыруға уәде берген, Ол осы қызметі үшін 2,5 миллион теңге алып, ізін суытқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған жайт бойынша дереу Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тергеу амалдары басталған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 41 жастағы күдіктіні анықталып, полиция басқармасына жеткізілген.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше қазіргі таңда тәртіп сақшылары барлық айғақтарды жинап, қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолдады.
Көп оқылған
12.02.2026, 16:15
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің мазасы неге қашып, олар неге хат жаза беретінін түсіндірді
12.02.2026, 10:58
Үйлену тойына кедергі жасаған: Ұлытау облысында жас жігіт бойжеткенді еш себепсіз 5 жыл аңдыған
12.02.2026, 17:16
Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз
12.02.2026, 06:00
Шымкентте нөсерден кейін жауған қар салдарынан ағаш құлап, 4-сынып оқушысы қаза тапты
12.02.2026, 16:43
Ораза айында пітір садақа беріп үлгермеген азаматтар не істеу керек