06.12.2023, 23:35
Оқиғалар
Атырауда кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұстады
Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екендігі анықталды
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады. Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражатын бопсаламақ болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицейлер 1991 ж.т., 1996 ж.т., 1996 ж.т. және 1998 ж.т. күдіктілер тобын 2 млн 600 мың теңге алу кезінде ұстады.
«Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екендігі анықталды. Жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 миллионға жуық ақша қаражатын иемденбек болған», - делінген хабарламада.
Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталуда.
ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды