05.12.2023, 09:16
Оқиғалар
Астанада бір түнде 63 жол-көлік оқиғасы болды
Полицейлер жолда абай болуды ескертті
Фото ашық дереккөзден
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан 4 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00-ден 5 желтоқсанда таңғы 07:00-ге дейін Астана жолдарында 63 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ешқандай хабарлама жоқ.
Полицейлер жүргізушілерден жолдарда аса сақ болуды, жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуді жасамауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.
«Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сақтық танытуы қажет», - деп ескертті Астана қаласының Полиция департаменті.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты