04.12.2023, 15:56
Оқиғалар
Жүк көлігіне соғылған: ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты
Қайғылы оқиға Өскемен – Риддер тасжолында болған
Фото ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданы аумағында жеңіл көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
YK-news жазуынша, қайғылы оқиға Өскемен-Риддер тасжолының 34-шақырымында болған.
«Жеңіл көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысып, соның салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Оқиғаға байланысты ШҚО полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды