$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2023, 12:33
Оқиғалар

Ақмола облысында табиғи қорыққа инспекторлар туыстарына тиесілі жылқыларды жайылымға жіберген

Қорықтың басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде

Ақмола облысында табиғи қорыққа инспекторлар туыстарына тиесілі жылқыларды жайылымға жіберген
Фото: Бас прокуратураның ресми сайтынан

Ақмола облысының прокуратурасы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары мен басшылығы ерекше қорғалатын аумақтың күзету режимін бұзғаны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ерекше қорғалатын аумақта заңсыз шөп шабу және мал жаю басшылықтың келісімімен тікелей қорықтық режимді қорғауға уәкілетті тікелей қорық инспекторларымен ұйымдастырылған.

Соның салдарынан қорыққа айтарлықтай шығын келтірілген.

Қорық аумағына инспекторлардың жақын туыстарына тиесілі 700-ден астам жылқы жіберілген.

«Қорықтық режимді бұзғаны және өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны үшін 3 инспектор, оның ішінде табиғи кешендерді қорғау бөлімінің басшысы қызметтерінен босатылды. Қорықтың басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары