Танымал актер Асқар Наймантаев дүниеден озды

Azattyq Rýhy

Актерден неден қайтыс болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ

Танымал актер Асқар Наймантаев дүниеден озды
фото: baq.kz

Елімізге танымал актер Асқар Наймантаев дүниеден өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы әлеуметтік желіде актердің достары мен туыстары жазды.

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев - 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі отбасында дүниеге келген.

Ол «Домашние войны», «Бастық боламын», «ОрыStar в Шымкентте», «Детектив әже», «Туысқандар», «Бұйымтай», «Өсекшілер», «Внуки в ауле» комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат», Бақытас Санитастың «Тезек» фильмдерінде ойнады.

Сонымен қатар қазақ эстрадасының сахнасында Асқар Наймантаев «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал болды.

Айта кетейік, осыдан 1 апта бұрын актер Instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялаған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.