$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2023, 09:52
Оқиғалар

Ақмола облысында 130 млн теңгенің алтынын иемденбек болған қара кеншілер тобы ұсталды

Қылмыстық іс аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық фактісі бойынша тергеліп жатыр

Ақмола облысында 130 млн теңгенің алтынын иемденбек болған қара кеншілер тобы ұсталды
Фото: polisia.kz

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен Степногорск қаласының аумағында алтын өндіруші кәсіпорын қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық топтың құрамында сол кәсіпорынның технологиялық учаскесінің шебері басқарған дайын өнім цехының қызметкерлері болған. Арнайы іс-шаралар шеңберінде қызметтік мүмкіндіктерді пайдалана отырып, күдіктілер Ақсу кенішінен құрамында алтыны бар кенді ұрлау жүйесін көздегені анықталды.

«Қылмыстық ниеттерін жүзеге асыру үшін қылмыскерлер бейнебақылау жүйесімен қамтылмаған аймақтарды пайдаланып, ұрланған затты жұмыс киімінің ішіне жасырып алып шығуға тырысқан. Ұсталғандардан құрамында 4,5 келі таза алтыны бар 7 келі концентрат алынды. Тәркіленген заттың құны 130 млн теңгеден асады. Қылмыстық топтың мүшелері тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық фактісі бойынша тергеліп жатыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары