$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.04.2020, 13:15
Оқиғалар

Түркістан облысында 5 жасар бала вирусты анасынан жұқтырған

Жалпы саны өңірде 25 адамда коронавирус індеті расталды

Түркістан облысында 5 жасар бала вирусты анасынан жұқтырған

Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.

«2015 жылғы сәби Арыс қаласы, Наурыз ауылының тұрғыны, вирусты анасынан жұқтырған. Анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған», - делінген хабарламада.

1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғынынан вирус скрининг жасау барысында анықталған.

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Өңірде Жетісай ауданында - 13, Кентау қаласында 2, Арыс қаласы - 2, Ордабасы -1, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды.

Серіктес жаңалықтары