$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда 13 адам қаза тапқан өрт оқиғасы: әкімдік пікір білдірді

56 адам жақын маңдағы мектепккеуақытша орналастырылды

Алматыда 13 адам қаза тапқан өрт оқиғасы: әкімдік пікір білдірді
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда 13 адамның өмірін жалмаған өрт кезінде 59 адам эвакуацияланып, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«30 қарашада сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды.

«Зардап шеккендерге ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақүйлеріне орналастырылады.

Ақпарат жаңарып, толықтырылып отырады. Ресми дереккөздерге ғана сілтеме жасауды өтінеміз», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін таңертең сағат 05.30-да Әди Шәріпов көшеіндегі хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккен екі адамның ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары