Алматыда хостелдегі өрттен зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді
Ғимараттан 59 адам өз бетінше шығып үлгерген
Алматыдағы 13 адамның өмірін жалмаған өрттен зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сағат 8.00-де өрттен зардап шеккен екі адамның жедел жәрдем ауруханасына жатқызылғанын хабарлады.
«Бір зардап шегуші көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Екінші науқас барлық тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Зардап шеккендердің барлығына толық көлемде қажетті медициналық көмек, оның ішінде психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Өрт орнында жедел жәрдем қызметінің жеті бригадасы жұмыс істеуде.
Еске салайық, бүгін таңертең, сағат 05.30-да Әди Шәріпов көшеіндегі хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Ғимараттан 59 адамның өз бетінше шығып үлгергені белгілі болды.