ШҚО-да жас келіншекті өлтіріп, қашып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр

ШҚО полиция департаменті ешқандай ресми ақпарат бермеді

ШҚО-да жас келіншекті өлтіріп, қашып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында жас келіншект өлтіріп, қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

YK-news жазуынша, іздестіру туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды.

Бұған дейін Риддер қаласының желідегі өңірлік парақшаларында жас келіншектің кісі қолынан қаза тапқаны және күдіктінің қашып кеткені туралы ақпарат пайда болған. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде де күдіктінің аты-жөні көрсетілген хабарлама тарады.

«Белгілі болғандай, 33 жастағы әйелдің «зорлық-зомбылық іздері бар» мәціті Гесовская көшесіндегі көпқабатты пәтерден табылған. Бұл мекенжай күдіктінің тұрғылықты жері ретінде көрсетілген», - делінген хабарламада.

ШҚО полиция департаменті ешқандай ресми ақпарат бермеді.

Дегенмен qamqor.gov.kz сайтында күдікті – 1974 жылы туған Давлетов Руслан Олеговичті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

Іздеу ісі 21 қарашада қозғалған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.