Астанада ер адам мұз жарылып, суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды

Azattyq Rýhy

Ер адам жасөспірімді судан жағаға шығарып, оны жедел жәрдем бригадасына табыстаған

Астанада ер адам мұз жарылып, суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды
Фото ашық дереккөзден

27 қарашада сағат 17-29-да 112 пультіне Байқоңыр ауданындағы Ақбұлақ өзенінде адам суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 2006 жылғы жасөспірімді құтқарушылары келгенге дейін, сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам құтқарды. Бұл туралы Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің хабарлауынша, ер адам жасөспірімді судан жағаға шығарып, оны жедел жәрдем бригадасына табыстаған, өз кезегінде олар оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Жасөспірім №2 қалалық балалар аурухана дәрігерлерінің бақылауында. Бақытымызға орай, жасөспірім құтқарылды, бірақ кейде бұндай​ жағдай қайғылы жағдайға айналуы мүмкін», - делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство баспасөз қызметі күзде, яғни қараша мен желтоқсан аралығында, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін өзен бетіндегі мұз жұқа болатынын, сондықтан оған шығу өте қауіпті екенін азаматтардың есіне салады.

«Құрметті азаматтар, естеріңізде болсын, Сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда, мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шығуға тыйым салынады. Мұзда балық аулауды ұнататындар міндетті түрде құтқару кеудешесін киюі керек. Қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болатын мұз адамдар үшін қауіпсіз болып саналады. Өзендер мен салалардың сағаларында мұздың беріктігі әлсіз. Мұз тез ағымы бар жерлерде,​ ағынды суларда, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін жерлерде, ағаштар мен қамыстың жанында қатты қатпайды. Егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, үш күннен артық сақталса, мұздың беріктігі 25% төмендейді», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.