$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда тұрғындарды тонап жүрген 120 адам анықталды

Қарақшылардың арасында зейнет жасындағы адамдар да болған

Алматыда тұрғындарды тонап жүрген 120 адам анықталды

Алматыда қалта ұрлығымен ғана айналысып келген 120 адам анықталды. Криминалдық полиция оларды соңғы он айда анықтап, ұстаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тек  «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жедел уәкілдер 44 қалта ұрысын ұстаған. Ұрылар автобустағы жолаушылардың заттарын үптеп кетіп отырған.

Қарақшылардың арасында зейнет жасындағы адамдар да болған. 

«Олардың бірі – қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген 63 жастағы И. есімді азамат. Қаскөй қарбалас уақытта кезекті ұрлығын жасауға шыққан. №201 бағыттағы қоғамдық көлікте ер адам жолаушының күртесінің қалтасынан Samsung телефонын ұрлап кеткен. Алайда оны жедел уәкіл ұстап алды. Күдікті қазір қамауда. Әуезов аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасы.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Серіктес жаңалықтары