28.11.2023, 10:54
Оқиғалар
Өскеменде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Қайылы оқиға 28 қарашада сағат 6:00 шамасында болған
Фото: yk-news.kz
Өскеменде маршруттық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, соның салдарынан ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі YK-news-ке сілтеме жасап.
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, қайылы оқиға 28 қарашада сағат 6:00 шамасында Абай даңғылында болған.
«Гаванский көпірі» аялдамасы маңында жол-көлік оқиғасы болды. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ШҚО ПД өкілдері.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
