$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2023, 12:48
Оқиғалар

43 млн-нан астам шетелдік алаяқтың жолы кесілді – ІІМ

Бұл - бір жылдағы нәтиже    

43 млн-нан астам шетелдік алаяқтың жолы кесілді – ІІМ

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде интернет-алаяқтық туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Біз интернет-алаяқтықтың жолын кесу және алдын алу бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мәселен, ЦДИАӨМ және байланыс операторларымен бірлесіп, 2022 жылғы қарашадан бастап алаяқтар пайдаланатын ауыстырылатын нөмірлерден қоңырауларға тосқауыл қойылады. Осы кезеңде 43 миллионнан астам «шетелдік алаяқтардың» әрекеттері тоқтатылды», - деді ол.   

Жандос Сүйінбайдың айтуынша, Ішкі істер министрлігі (mvd.gov.kz) және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (fingramota.kz) ресми сайттарында «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл» парақшалары құрылды, онда интернет-алаяқтық жасау тәсілдерін сипаттайтын айдар, сондай-ақ олардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар бар.   

«Сонымен қатар, жыл басынан бері қаржы пирамидалары мен басқа да алаяқтық ұйымдардың заңсыз әрекеттерін жарнамалайтын 682 күдікті сайт анықталды, олардың 113-і бұғатталды. Сондай - ақ, профилактикалық сипаттағы 19 мыңнан астам материал (19574) жарияланды, оның ішінде 7432 материал БАҚ-та, 12142 материал әлеуметтік желілерде орналастырылды», - деді ол.   

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары