Полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Оралда әйел адам басына кірпіш құлап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мой город» порталының жазуынша, полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Оқиға 26 қарашада болған. Орал қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев даңғылы бойындағы №236 үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйелдің басына кірпіш құлаған. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қайғылы оқиғаның себептерін тергеу тобы мен әкімдік өкілдері анықтап жатыр.