27.11.2023, 09:29
Оқиғалар
Павлодарда өз қызын зорлады деген ер адам іздестіріліп жатыр
Тергеу қыздың анасының арызынан кейін басталғаны атап өтілді
Фото ашық дереккөзден
Павлодарда қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінген ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Pavlodarnews.kz хабарлауынша, іздестіру шараларына қатысты тиісті нұсқаулықтар облыс пен республикадағы барлық аумақтық полиция бөлімшесі мен шекара қызметтеріне жолданды.
Тергеу қыздың анасының арызынан кейін басталғаны атап өтілді.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Қыз баланың айтуынша, әкесі оны 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін зорлап келген.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
Бүгін, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
