Өлім себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді
БҚО-да 22 қараша күні қарлы боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы БҚО Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, 22 қараша күні кешкісін полицияға Теректі ауданы, Ақжайық ауылында 1961 жылы туған ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ол сағат 10:00-де жұмысынан шығып, үйіне оралмаған. Сол күні боран болды. Іздеуге тікұшақ жұмылдырылды.
«24 қарашада Ақжайық ауылынан 10 шақырым жерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ жоғалған ер адамның денесі табылды. Өлім себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді», - делінген хабарламада.