$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2023, 00:09
Оқиғалар

«Бір-бірімен жарысты»: Шымкентте екі қоғамдық көлік соқтығысты

Қоғамдық көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама жасалды, іс сотқа жіберілді

«Бір-бірімен жарысты»: Шымкентте екі қоғамдық көлік соқтығысты

Шымкентте көше қиылысында екі қоғамдық көлік соқтығысып, апат салдарынан 9 адам аурухана түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ауруханаға жеткізілгендердің арасында жүкті әйел де бар. Оның айтуынша, ол басын қатты соғып, есінен танып қалған.

«Бірінші автобус бағдаршамнан бұрылып, содан соң тоқтады, бір жолаушы шығып үлгерді. Тағы бір жолаушы енді ғана шығайын деп жатқан сәтте екінші автобус келіп, артымыздан соқтығысты. Олар өзара жарысты дейді. Мен жол-көлік оқиғасы кезінде есімнен танып қалдым. Мен ештеңе түсінбедім, үстім қан болды, содан кейін мені ауруханаға жедел жәрдеммен алып кетті. Бір жолаушының да қолы қанағанын көрдім, екінші жолаушының беті жыртылған. Бұдан әрі білмеймін», - деді зардап шеккен жолаушы.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жеті адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Тағы екі науқас дәрігерлердің бақылауында болады.

«9 адам жедел жәрдем көлігімен №1 клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі мидың жабық жарақатын алып, нейрохирургия бөліміне түсті. Біреуі жүктіліктің 19 аптасында. Қалған 7 пациент қанағаттанарлық жағдайға байланысты амбулаториялық емделуге жіберілді», - деді №1 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мадияр Дүйсенов.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Қоғамдық көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама жасалды, іс сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары