23.11.2023, 15:38
Оқиғалар
Қостанай сотының бұрынғы судьясы 9 жылға сотталды
Пара беруге делдал болған кәсіпкер 1 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: ng.kz
Қостанай сотының бұрынғы судьясы Асқар Дарбаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.
«Наша газета» басылымының жазуынша, А. Дарбаев жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.
«Облыстық соттың әкімшілік алқасының төрағасы болған Асқар Дарбаевқа кәсіпкер Михаил Корнеевтен 19 миллион теңге көлемінде пара талап етті деген айып тағылды. Судья 2022 жылдың 17 тамызында парамен ұсталды», - делінген хабарламада.
Пара берген делдал ретінде кәсіпкер Елжас Қалқаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды