21.11.2023, 09:50
Оқиғалар
Ақмола облысында жұмысшы биіктен құлап, қаза тапты
Сот-медициналық сараптама тағайындалды
Фото: voran.by
Ақмола облысындағы құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қайғылы оқиға 18 қараша күні болған.
Полицияға құрылыс алаңында оқыс оқиға туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жеткен полицейлер Астана қаласының 1966 жылы туған тұрғынының биіктіктен құлап мерт болғанын анықтады.
"Ер адам салынып жатқан учаскеде жұмыс істеп жатқанда, төрт метр биіктіктегі тірек бөлігі опырылып құлаған", - делінген хабарламада.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр.
Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды