20.11.2023, 16:19
Оқиғалар
Алматыда жас жігіт 20-қабаттан құлап мерт болды
Алдын ала болжам бойынша, ол ол суицид жасаған
Фото: ukranews.com
Алматыда жас жігіт 20-қабаттан құлап, қайтыс болды. Полицияның ақпаратынша, ол суицид жасаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Қайғылы оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Оқыс оқиға 19 қараша күні таңғы уақытта «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінде болған. Тергеу барысында қаза тапқан жігіттің 2001 жылы туғаны белгілі болды.
«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Авторы: Әмірболат ҚҰСАЙЫНҰЛЫ
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды