Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қызды анасы өлтірген болуы мүмкін
Бұған дейін жеті жасар Милана Давыдованы іздеу үш күнге созылған еді
Полиция Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деген күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың анасы кісі өлтірді деп күдіктеледі.
Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың белгісіз жоғалып кетуінің мән-жайлары мен себептері анықталды.
«Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері оның өтініші бойынша қылмыстың іздерін жасырған анасы мен танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады. Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-ібабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін жеті жасар Милана Давыдованы іздеу үш күнге созылды. Бесқауға ауылында — Екібастұздан 55 шақырым жерде — бала жоғалып кеткені туралы хабар 17 қарашада сағат 21:14-те Төтенше жағдайлар департаментіне келіп түсті. Алайда бүлдіршін өлі күйінде табылды.