Қыздар полиция бөліміне жеткізіліп, олардың әжесі шақырылды
Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған әпкелі-сіңілі қыздарды Хромтау қаласынан тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қыздар полиция бөліміне жеткізіліп, олардың әжесі шақырылды. Полиция департаменті кәмелетке толмағандарды іздеуде көмек көрсеткен еріктілер мен барлық оқиғаға бей-жай қарамайтын азаматтарға алғысын білдіреді.
Еске сала кетейік, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бесқұдық ауылында 13 және 14 жастағы әпкелі-сіңілі қыздар 17 қарашада күндізгі сағат 4 шамасында үйлерінен шығып, сол күйі оралмаған еді.