Күдікті қамауға алынды
Қостанайдағы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіт табылды. Күдікті ұсталып, қамауға алында, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Костанайские новости сайтына сілтеме жасап.
Аталған фактіні Қостанай облысының полиция департаменті растады. Пәтерден 61 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп түсіндірді полиция департаменті.