Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады

Автор: Azattyq Rýhy

Экипаж толығымен қаза тапты

Фото Өзбекстанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Каттакурган полигонында оқу-жаттығу ұшуы кезінде әуе қорғанысы әскерлері мен Өзбекстан Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығына тиесілі Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Gazeta.uz-ге сілтеме жасап.

«17 қарашада сағат 20:15-те Өзбекстанның әуе қорғанысы әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығына тиесілі Ми-8 тікұшағы Самарқанд облысындағы «Каттакурган» полигонында оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады», - деп хабарлады Өзбекстанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға салдарынан тікұшақ экипажы қаза тапты. Оқиға орнында апаттың себептерін анықтайтын арнайы комиссия жұмыс істеуде.

«Каттакурган» полигоны 2019 жылдың қараша айында ашылған Өзбекстандағы ең ірі әскери полигон болып табылады.