$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2023, 09:39
Оқиғалар

Атырау-Орал тасжолында полиция қызметкеріне қарсылық танытқан көлік жүргізушісі қамауға алынды

Ол көліктің өзінікі емес екендігін айтып ақталған

Атырау-Орал тасжолында полиция қызметкеріне қарсылық танытқан көлік жүргізушісі қамауға алынды

Атырау-Орал тасжолының 183 шақырымында DALMLERCHR SLER автокөлігінің жылдамдық асырғаны анықталған. Алайда аталған көлік жүргізушісі патрульдік полиция инспекторларының заңды талабына бағынбай, нәтижесінде Индербор кентінен қызметтік көліктердің алдын бөгеуімен тоқтатылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік құралы тоқтатылған соң да жүргізуші көліктен түспестен қашып құтылмақ болып патрульдік полиция инспекторының оң аяғын басып кетіп, жол бойындағы бірнеше автокөлікке авариялық жағдай тудырып жүріп өткен. Заңды талапқа бағынбаған жүргізуші көлігінің дөңгелегіне екі мәрте және инспектор ескерту мақсатында аспанға екі реттен оқ атқан.

«Аталған көлік тас жол бойынан тоқтатылып, ұсталды. 1989ж.т., жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізіліп мас күйде емес екендігі анықталды. Ол көліктің өзінікі емес екендігін айтып ақталған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 2 бөлігімен, 601-бабы 1 бөлігімен, 606-бабы 1 бөлігімен, 613-бабы 1 бөлігімен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3 бөлігімен, яғни билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қамауға алынды» - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары