$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында жол апатында жолаушы қаза тапты

Тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысында жол апатында жолаушы қаза тапты
Фото: freepik.com

Павлодар облысында жол апатында жолаушы қаза тапты. Жол апаты фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қарашада Павлодар ауданы Жертұмсық ауылының маңындағы Павлодар - Семей автожолының 20 шақырымында «LADA Granta» маркалы автомашинаның жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, «ЗИЛ-130В» автокөлігінің тіркемесімен соқтығысқан. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «LADA Granta» автокөлігінің бір жолаушысы алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды, автокөлік жүргізушісі мен екінші жолаушы әртүрлі жарақаттармен  ауруханаға жатқызылды», — дейді департаментте. 

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары