15.11.2023, 15:50
Оқиғалар
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан екі жас жігіт қаза тапты
Қайғылы оқиға Алматы – Қорғас тасжолында болған
Фото: polisia.kz
Жетісу облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің дерегінше, жол апаты Алматы – Қорғас тасжолында, Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333-шақырымында болған.
«Алдын ала болжам бойынша, Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Тағы үш зардап шеккен адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.
Жол-көлік оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты