Өрттің неліктен бір сағат бойы сөндірілгені айтылмады
Ақтөбедегі №8 түзету мекемесінің жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Ақтөбе облыстық ТЖД шақырту бөліміне сағат 18:37–де хабар түскен.
Онда Ақтөбе қаласы Астана ауданы Чекалин көшесіндегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің № 8 түзету мекемесі аумағында қоқыс жанғаны туралы айтылған.
«Бұл — бөлек тұрған ғимараттың жертөлесі. Қолданыста жоқ нысан. Өрт сөндірушілер өртті сағат 19:23-те сөндірді. Жанған аумақ — 50 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрттің неліктен бір сағат бойы сөндірілгені айтылмады.
Оқиға орнына 38 адам 7 техника жіберілген.