Петропавлда газель жүргізушісі құбырды зақымдап, тұрғындарды газсыз қалдырды
Әкімдік түсініктеме берді
Петропавлда «Газель» жүргізушісі газ құбырына зақым келтіріп, 300-ден астам пәтерді газсыз қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Қаладағы Н.Назарбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үш үйдегі 300-ден аса пәтердің тұрғындары 5 қарашадан бастап газдың жоқтығына шағымданған.
Тұрғындардың айтуынша, апаттан кейін құбырды жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Әлеуметтік желідегі топтарда тұрғындар «кінәлі адам табылмай және айыппұл төленбей», газбен жабдықтау қалпына келтірілмейтіндігін айтуда.
«Дайындық жұмыстары жүргізілуде, 8 қарашада қалпына келтіру жұмыстары басталады. Атқарылатын жұмыс 10 қарашада аяқталады деп күтілуде. Кейін тұрғын үйлерге газ беру қайта басталады», - деп түсіндірді қала әкімдігі.