$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2023, 07:36
Оқиғалар

Алматыда «тұрғын үйді жалға беру» алаяқтығымен айналысқан әйел ұсталды

Ұсталған азаматша осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотты болған

Алматыда «тұрғын үйді жалға беру» алаяқтығымен айналысқан әйел ұсталды

Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны кем дегенде 15 адамды алдап үлгерді. Жылжымайтын мүлік саласында бірқатар алаяқтық әрекеттерді жасады деген күдікке 1985 жылы туған азаматша ілікті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әйел адам «тұрғын үйді жалға беру» бизнесімен айналысқан. Пәтер жалдаған. Меншік иелерімен келісім-шарт жасалғаннан кейін пәтерді басқа адамдарға «ұзақ уақытқа» жалға берген. «Пәтер иесінің» жалғыз шарты алдын ала төлем жасау немесе тұру ақысын толықтай төлеу болды. Ал сомалар 150-ден 400 мың теңгеге дейін өзгерді.

«Жедел уәкілдер бұл қылмыстарды жасаған күдіктіні анықтады және ұстады. Бірқатар алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталған азаматша осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотты болған», - деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Серіктес жаңалықтары