06.11.2023, 10:30
Оқиғалар
«Қазақмыстың» Жезқазғандағы шахтасында бір адам қаза тапты
Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр
Фото ашық дереккөзден
«Қазақмыс» компаниясының Шығыс-Жезқазған кенішінің №57 шахтасында бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау кен шебері ауыр жарақат алып, салдарынан көз жұмған. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - делінген хабарламада.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
