$ 538.54  628.31  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.10.2023, 17:16
Оқиғалар

Ақмола полицейлері қар басқан трассалардың кадрларын жариялады

Ауа-райына байланысты республикалық маңызы бар жолдарға шектеу қойылды

Ақмола полицейлері қар басқан трассалардың кадрларын жариялады

Өткен демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен ротасының нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Температураның төмендеуі және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын жолдардағы жағдайды едәуір қиындатты.

Ауа-райына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана автожолдарында шектеу қойылды. Алайда демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан машиналарға механикалық зақым келді.

«Полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға шақырады. Өзара сыйластық пен тәртіп - жолдағы қауіпсіздіктің кепілі және апатты азайту мәселесіндегі шешуші факторлардың бірі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары