$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2023, 11:25
Оқиғалар

Ақтөбе облысында такси таппаған азамат көшеде тұрған көлікті айдап кеткен

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды

Ақтөбе облысында такси таппаған азамат көшеде тұрған көлікті айдап кеткен

Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғыны үйіне қайту үшін мас күйінде көшеде тұрған бөтен адамның көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақтөбе облысы Алға ауданының полиция бөліміне Есет батыр кентінің 31 жастағы тұрғыны жүгінген. Полицияға жазған шағымында ол түнде көлігінің ұрланғанын айтқан.

Нақтырақ айтқанда, жәбірленуші өзінің «ВАЗ-2110» көлігін үйдің жанына қойып, таңертең оны таппай қалған.

«Ұрлық жасады деген күдікпен Ақтөбеден келген 36 жастағы жұмыссыз азамат ұсталды. Көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Сол күні күдікті ауылға қонаққа келіп, ішкені белгілі болды. Үйге қайтатын уақыт келгенде, такси ұстамақ болған. Алайда такси таппаған. Таңға жуық ол көшеде «ВАЗ-2110» көлігін көріп, есігін ашып, айдап кеткен», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары