Магистральдік жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Алматы қаласында жылу құбыры жарылып, бір аудан тұрғындары жылудан ажыратылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .
Апатты жою жұмыстарымен «Алматы жылу желілері» ЖШС айналысып жатыр.
«Бостандық ауданының Розыбакиев - Қожанов - Гагарин - Короленко көшелерінің аумағындағы тұрғын үй мен өзге де ғимараттар магистральдағы апатқа байланысты жылу желісінен ажыратылады. 1976 жылы пайдалануға берілген диаметрі 800 мм құбыр істен шықты», - делінген «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарламасында.
Аталған секторға жылу мен ыстық су беруді сағат он екіге дейін қалпына келтіру жоспарланған.