Үйде егде жастағы ер адам болған
Түркістан қаласындағы қиылыстардың бірінде жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz- ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген полицейлер «Hyundai accent» автокөлігі № 17 маршруттағы жолаушылар автобусымен соқтығысып, нәтижесінде автобус жеке үйдің қабырғасына кіріп кеткенін анықтады.
Апат салдарынан автобустың бірнеше жолаушысы жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ автобус соғылған үйде егде жастағы ер адам болған. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабымен «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда.