Жетісу облысында жол апаты болып, 9 адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Жетісу облысында жүк көлігі мен «Audi-100» жеңіл машинасы соғылып, 9 адам зардап шекті. Оның төртеуі бала. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, жол апаты 14 қазан күні Балпық би — Мәмбет тасжолының Еңбекшіқазақ ауылы маңында болған.

«Жол апатына түскен тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, медициналық тексеруден кейін екі көліктің де жүргізушісі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Қалған жетеуі дәрігерлердің бақылауында. Олардың арасында 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт бала бар», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптама тағайындалды.

Екі көлік те арнайы тұраққа қойылды.