$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2023, 17:14
Оқиғалар

Аяғы ауыр әйелді ұрған: Павлодар облысында полицейге қатысты қызметтік тергеу басталды

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталады

Аяғы ауыр әйелді ұрған: Павлодар облысында полицейге қатысты қызметтік тергеу басталды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында полицейге қатысты қызметтік тергеу басталды. Ол аяғы ауыр әйелді ұрды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

13 қазанда Павлодар қаласының ПБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініші келіп түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Василий Скляр өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

«Менің тапсырмам бойынша, аталған факті бойынша Полиция департаменті қызметтік тергеуді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталатын болады»,– деп жазды Василий Скляр. 

Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Серіктес жаңалықтары