БҰҰ: Ауғанстанда зілзаладан қаза тапқандардың 90 пайызы – әйелдер мен балалар
Қазіргі уақытта қазақстандық құтқарушылар да жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетіп жатыр
Ауғанстандағы зілзаладан қаза тапқандардың 90 пайызы әйелдер мен балалар. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Герат маңында магнитудасы да 6,3 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісінің салдарынан 3 мыңға жуық адам қаза тауып, ондаған мың адам баспанасыз қалды. Сондай-ақ бүгін Ауғанстанда тағы да 6,3 балдық жер сілкінісі тіркелгені хабарланды.
10 қазанда 45 адамнан құрылған Қазақстан ТЖМ күштер мен құралдар тобын Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберді. Сонымен қатар 11 қазанда гуманитарлық жүктің бірінші бөлігі жіберілді.