Өткен тәулікте қауіпті вирустан 37 780 адам көз жұмды
Бүгінде әлемде COVID-19 жаңа вирусын жұқтырғандар саны 784 392 адамға жетті. Worldometers.info сайтының мәліметінше, өткен тәулікте індеттен 37 780 адам көз жұмды. 165 035 адам ауруынан жазылып шыққан.
Испания – бүгінгі таңда вирустан ең көп – 913 адам өлімі тіркелген ел болып отыр. Тағы 7846 адам қауіпті вирус жұқтырып үлгерген. Бүкіл ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 87 956 адамға жетті.
АҚШ – әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны жағынан көш бастап тұр, бір тәулікте 19 999 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл елде барлығы 163 490 адам коронавирус жұқтырған. Бір тәулікте көз жұмғандар саны 565 адамға жетсе, індет басталғалы 3148 адам бақилық болды.
Италияда бір тәулікте 812 адам көз жұмды. Індет басталғалы 11 591 адам қайтыс болған Италияда кеше тағы 4050 адам қауіпті вирус жұқтырып алған. Бүкіл ел бойынша ауырғандар саны 101 739 адамға жетіп отыр.
Германияда коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны біршама аз. Бір тәулікте 4450 адам ауру жұқтырған, індетке шалдыққандардың жалпы саны – 66 885 адам. Бір тәулікте 104 адам жан тапсырса, індет басталғалы 645 өлім оқиғасы тіркелді.
Францияда бір күнде 418 адам көз жұмса, індет басталғалы 3024 адам ажал құшты. Бір тәулікте 4376 адам вирус жұқтырған, елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 44 550 адамды құрап отыр.
Иранда бір тәулікте 117 адам бақилық болды, барлығы 2757 адам көз жұмды. Бір тәулікте 3186 адам вирус жұқтырған, барлығы 41 495 адам ауруға шалдыққан.
Түркияда бір күнде 1610 адам, жалпы саны 10 827 адам қауіпті вирус жұқтырған. Кеше 37 адамынан айрылған бұл елде індет басталғалы 168 адам бақилық болды.
Қытайда бір күнде 31 ауру жұқтыру оқиғасы тіркелді. Олардың бәрі шетелден келгендер. 4 адам көз жұмды. ҚХР-да барлығы 81 439 адам вирус жұқтырды, 3304 адам көз жұмды.
Қазақстанда бүгінгі таңда 325 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 8 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 325 науқас тіркелді.
Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған 21 пациент ауруынан жазылып шықса, өкінішке қарай, 1 адам көз жұмды.