Мәскеуде тағы 4 адам коронавирустан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайтыс болғандар – 76 мен 86 жасқа дейінгі науқастар

© ТАСС

Мәскеуде коронавирус инфекциясын жұқтырған, созылмалы аурулары бар тағы төрт науқас көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

«Мәскеуде «пневмония» деп диагноз қойылған және коронавирус жұқтырғаны расталған тағы төрт пациент көз жұмды. Олардың жасы 76 мен 86 аралығында. Барлық науқастар созылмалы жүрек-қан-тамыр ауруларына шалдыққан», – делінген Мәскеудегі коронавирус жағдайларын бақылау және мониторинг жасау жөніндегі штаб хабарламасында. 

Пациенттер сондай-ақ, созылмалы пиелонефрит, демікпе, ми ишемиясы сияқты аурулармен ауырған екен. Олардың екеуі қант диабетіне шалдыққан болса, екеуі жасанды тыныс алу құрылғысымен жатқан.

Айта кетсек, бұған дейін Ресей астанасы Мәскеуде жаңа коронавиус инфекциясын жұқтырған әрі бұрыннан түрлі созылмалы дертке шалдыққан тағы 7 адам көз жұмған болатын. Бүгінгі таңда Мәскеуде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 11 адамға жетті.