Өткен жылдың көктемінде жоғалып кеткен ер адамның мәйітін орманнан саңырауқұлақ терушілер тапқан
Петропавлдағы орманда өткен жылдың сәуірінде із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews – ке сілтеме жасап.
Полицияға саңырауқұлақтар терушілер қоңырау шалып, орман алқабында Омбы тас жолы бойындағы айналма жолда кездейсоқ адам сүйегіне тап болғанын айтқан.
«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бұрын хабар-ошарсыз кеткен 25 жастағы ер адамды анықтады. Және сол жерден оның құжаттары, банк картасы және ақшалай қаражаты болған киім тәркіленді», - деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, сараптама тағайындалды.